$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Елімізде жанар -жағармай экспортына қатысты жарияланған мораторий жалғасуы мүмкін",- министр

AstanaTV
03.02.2022ж. 20:00
1723
"Елімізде жанар -жағармай экспортына қатысты жарияланған мораторий  жалғасуы мүмкін",- министр

Елімізде жанар-жағармайды сыртқа шығаруға  қатысты жарияланған 180 күндік мораторий  әрі қарай да жалғасуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Министрдің айтуынша,  бұл- жанар-жағармай мен газ нарығындағы қымбатшылықтың алдын-алады,  бағаны тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алып-сатарлардың жолын кеспек.  

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:


Біздің негізгі міндетіміз – жанармай бағасының күрт өсуіне жол бермеу. Сондықтан министрліктегі әріптестерімізбен бірге бәріміз бұл мәселені талқыладық. Жанармайды сыртқа шығаруға қойылған тыйымды мамыр айынан кейін де жалғастыратын шығармыз. Ішкі нарықта жанармай уақтылы жетіп тұруы үшін және бағаның өсуіне жол бермеу үшін солай  істейтін шығармыз.

Сондай-ақ,  министрдің айтуынша, көктемгі егіс кезінде дизель тапшылығы болмас үшін, мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу жұмыстары кейінге шегерілмек. Биыл ауыл шарушылығы мақсатында 800-850 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланған.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жөндеу мерзімін 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылға жылжыту мәселесі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал Павлордадағы зауытты жөндеу мерзімін биылғы маусым айынан шілденің ортасына жылжыту көзделіп отыр. Яғни, жөндеу жұмыстары көктемгі егіс аяқталғаннан кейін ғана жөндеуге жабылуы керек.

Б. Сатуов