Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Арнайы операция кезінде 13 бейбіт тұрғын қаза тапты

AstanaTV
04.02.2022ж. 20:00
1103
Арнайы операция кезінде 13 бейбіт тұрғын қаза тапты

Сириядағы арнайы операция кезінде 13 бейбіт тұрғын қаза тапты. Оның- алтауы бала,төртеуі әйел.   Бұл туралы Ұйым бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак мәлімдеді. Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы әрқашан бейбіт тұрғындардың жағында, олардың құқығын қорғайды.  Оған кінәлілер  жазалануы тиіс дейді.

Фархан ХАК, БҰҰ РЕСМИ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз АҚШ президентінің ДАИШ жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Курайшидің өлімі туралы мәлімдемесін назарға алдық. Біз бейбіт тұрғындардың, ерлер, әйелдер мен балалар құрбандары туралы хабарларды алаңдаушылықпен атап өтеміз.  Осы сәтті бүкіл әлем бойынша лаңкестік құрбандарының отбасыларын еске алуды қалаймыз. Әрине, өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның жүйесі тұтастай алғанда ДАИШ-ке қарсы әрекет ету үшін күш-жігерін біріктірді, сондықтан оларға қарсы кез келген табысты құптауға болады.

Арнайы операция Сирияның Идлиб провинциясының Атме қаласында жүргізілген.  Болжам бойынша,  тұрғын үйдің екінші қабатына зымыран түсіп, бірнеше адам  көз жұмған. Қалғандары жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуі салдарынан және қақтығыс кезінде ажал құшқан. Пентагон,олардың өліміне АҚШ әскері емес, содырлардың қатысы бар дейді. Ресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың барлығы ДАИШ лаңкестерінің отбасы мүшелері. Тек бір ер адам мен бір әйел кездейсоқ соғыс аймағына кіріп кеткен.

Ә. Дүкембаева