Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарағанды облысының Петровка ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

AstanaTV
23.06.2016ж. 20:00
2901
Қарағанды облысының Петровка ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Қарағанды облысының Петровка елді мекенінде дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Бұл ауылдың дәрігерлері 20 жыл бойына ескі үйдің 5 бөлмесінде науқастарды қабылдап келген. Қажетті жабдықтар да тапшы болатын. Сондықтан ауыл тұрғындары қашықта жатқан Бұқар жырау аудандық емханасына жіберілетін. Енді жаңа әлеуметтік нысанда ересектер мен балаларды қабылдайтын арнайы кең, әрі жарық кабинеттер, акушерлік бөлме, сондай-ақ зертхана бөлімі де бар. Олар қажетті қондырғылармен қамтылған.

Арайлым Өтебекова, Қарағанды облысы Петровка ауылының тұрғыны:

Ашылған амбулатория үйдің дәп жанында, бұрын біз ауданға баратынбыз.15 км жерде, 20 км жол. Қазір жеңілдеді. Бізге баламен келуге оңай болады.

Уния Иманхан, Қарағанды облысы Петровка ауылдық дәрігерлік амбулаториясының маманы:

Бұрын біз ескі амбулаторияда отырғанбыз. Онда кабинеттер өте аз болды. Қазір міне жаңа амбулатория ашылып жақсы болып жатыр. Бізде 1 дәрігеріміз ғана бар. 4 медбике бар. Жаңадан қондырғылар әкелсе, бізге тіпті жақсы болар еді.

Жаңа ғимарат «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт және емхана» республикалық жобасы аясында салынды. Оның құрылысына 113 миллион теңге жұмсалған. Мұнда бас-аяғы 6 маман жұмыс істейді. Жаңа нысанмен танысқан облыс әкімі кадр тапшылығы алдағы уақытта шешілетінін айтты.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Қандай жабдықтар керек, бәрі осында әкелініп қамтылып жатыр. Осы дәрігерлік пунктқа 4 жарым мыңдай халық келіп, ем алатын болады. Болашақта жас мамандарды осында тартатын боламыз. Өздеріңіз білетіндей, «Дипломмен ауылға» деген бағдарламамыз бар, соның шеңберінде қарастырамыз.