Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Петропавл қаласының әкімдігі мобильді қосымшаға 18 млн теңге жұмсамақ

AstanaTV
07.02.2022ж. 20:00
1031
Петропавл қаласының әкімдігі мобильді қосымшаға 18 млн теңге жұмсамақ

Петропавл қаласының әкімдігі автобус қосымшасына 18 миллион теңге жұмсамақ.  Яғни, билік жұрт қазір пайдаланып жүрген екі дайын  жүйені пайдаланбай, жаңа қосымшаны іске қоспақ. Себебі, қазіргі  қолданыстағы  қосымшалардың  кемшілігі көп дейді.  Жаңа жүйе  арқылы облыс орталығында қатынайтын қоғамдық көлікті   бақылап қана қоймай, жолаушылар санын да тіркеп отырғанын қалайтындарын айтады.     Сондықтан озық жоба ұсынатын компания іздеп жатқан көрінеді.

Әсем АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазір бізде қала бойынша бірнеше қосымша жұмыс істейді. Бірақ ол жерден барлық толық ақпаратты алуға мүмкіндік жоқ. Ол тек автобустардың қай жерден түсіп, қай жерде тұрғанын ғана көруге болады. Бұл жай ғана қосымша емес, кәдімгі диспетчерлік жүйе болады. Ол жерде адамдар жұмыс істейтін болады. Кәдімгідей тәулік бойы қоңыраулар қабылданып, барлық сұрақтарға жауап беріледі.

Айта кету керек, былтыр жолаушылар тасымалдау компаниялары 100 жаңа автобус сатып алған.  Оның әрқайсысы шамамен 40 миллион теңге тұрады. ОЛ үшін кәсіпкерлер несие  рәсімдеген. Алайда, кейін қомақты төлемді өтей алмай жатқандарын мәлімдеп, жергілікті биліктен адам санына байланысты субсидия төлеуді талап етті. Бүгінде жергілікті биліктің кәсіпкерлерге 300 миллион теңге шамасында берешегі бар.

А. Құрманкин