Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олар әскери бөлімді өз бетімен тастап кетіп қалған. Қолдарында қару болмаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында қос сарбаз көп ұзамай табылды. Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, дейді қорғаныс министрлігінің өкілдері.
Т.Әлжанов