Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда жаппай наразылық кезінде ереуілшілерге арматура таратқан 6 азамат ұсталды

AstanaTV
08.02.2022ж. 20:00
1158
Алматыда жаппай наразылық кезінде ереуілшілерге арматура таратқан 6 азамат ұсталды

Алматыда жаппай наразылық кезінде ереуілшілерге арматура таратқандар ұсталды. Күдіктілер  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция Департаменті олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Мегаполистегі осы және өзге де  жаңалықтар  туралы әріптесім Әсем Лесбек айтады.

Қаңтардағы қақтығыс кезінде бүлікшілерге арматура таратқандардың  видеосы әлеуметтік желіде тарады. Күдіктілер темір құралдарды «Шаңырақ» ықшамауданындағы үйлердің бірінде дайындаған. Болгарканың көмегімен кесіп 70 сантиметрден бөлген.

20, 24  жастағы  күдіктілер  қамауға алынған. Полиция  қылмыстық кодекстің 272-ші бабы, 2-ші бөлігі бойынша тергеу жүргізуде.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды. Алтауы да бір жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істеген адам екен. Қазіргі таңда олардың іс әркеттеріне құқықтық тұрғыда баға берілуде. Міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері тағы бір топты қолға түсірді. Олар әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдік бар.  

Өскемен қаласында да бір топ күдікті қолға түсті.  Олар лаңкестерге темір құралдар таратқан деп айыпталып отыр.

КҮДІКТІ:

Жасаған әрекетіме өкінемін. Уақытта артқа қайтарғым келеді.
 
КҮДІКТІ:

Не істеп, не қойғанымды өзімде білмей қалдым. Ақымақтық пен ашуға бой алдрып, тас, таяқ, банка сынды заттарды бүлікшілерге тараттым. Өкінемін.
 
Қазір тергеу изоляторында кездейсоқ отырғандар жоқ. Кінәсіздер босталуда.   

Руслан КОРЧАГИН, АЛМАТЫ қ. ТҰРҒЫНЫ:

Аманат деген комиссияға рахмет айтамын. Мен бүлік болған күні ауруханада ем қабылдап жаттым. Қатысың бар деп мені де мұнда алып келді. Кінәсіз екенім дәлелденіп, шығып отырмын.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Айта кетейік кешелі бері  Алматыда  заңсыз қаруды тәркілеуге арналған операция жүріп жатыр. Бір күн ішінде қала полициясына азаматтардан 25 атыс қаруы әкелінген. Сондай-ақ тәртіп сақшылар ы Алматы және Жамбыл облыстарынан ұрланды деген 135 қаруды тапқан. Тағы қару-жарақ дүкендеріне қатысы жоқ 144 қаруды тәркілеген.

 
Ә. Лесбек