Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Бетперде кигендер бізге шабуыл жасады",-жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі

AstanaTV
09.02.2022ж. 20:00
1262
"Бетперде кигендер бізге шабуыл жасады",-жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Атырауда жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасалған. Жүргізушінің айтуынша, олар облыстық әкімдік маңына шақыртумен барған кезде бір топ адам көлікті  мәжбүрлеп тоқтатқан. Барлығы бетперде киген дейді. Ешқандай сөзге келместен   көлікті жұлқылап, терезесін сындырып, ойларына келгенін істеген.  Жедел жәрдем қызметкеріне қысым көрсеткен.

Алпысбай ҚАБАЗОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Жан-жағымыздан тартып, машинаның есіктерін ашып, ішінде полиция қызметКерлері бар ма деп қарап, сол жерден 2-3 адамға қызметтік жәрдем жасадық. Сол кезде белгісіз затпен тереземді алдыңғы тереземді машинамның сындырып тастады. Кілең бетперде киіп алған, жан-жақтан машинаға жабылып, қаумалап  жан-жаққа тартып жатқасын  әрине қорқыныш болады. Қасымда екі қыз бала.


Сол күні, яғни 5-бесінші қаңтарда  жаппай тәртіпсіздік кезінде  әкімдік маңынан 15 шақырту түскен. 8 адамға оқ тиіп жараланған. Жедел жәрдем қызметіндегілер, қиындыққа қарамастан бұзақылардан зардап шеккендерді    ауруханаға жеткізгендерін айтады.  Бір адам қайтыс болған. 4 жедел-жәрдем көлігі бүлінген. Оның екеуі әлі жөндеуде тұр.

Б. Надірқызы