Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Пандемия қашан аяқталады?

AstanaTV
09.02.2022ж. 20:00
1721
Пандемия қашан аяқталады?

Пандемия қашан  аяқталады? Бұл әлем халқын алаңдатып отырған көкейкесті сұрақ. Осы күнге дейін түйткілді сауалдың түйінін шешпек болғандар көп. Тіпті, алдын-ала болжамдарын жасап, «скоро», «все же наконец-тосымен» танылған Жандарбек Бекшин мырзаның айтқандары айдай келетін еді. Әзіл-күлкі жақсы ғой, бірақ пандемияның қанды тырнағынан қашан құтыламыз? Әріптесім Лаура Қуанышқызы жауап іздеді, көрейік!  

Еліміздің барлық саласына кері әсер еткен пандемиямен өмір сүргенімізге 2 жыл 2 айдай уақыт болыпты. «Вирус тезірек жойылса» деген тілек бұқараның ортақ арманына айналды. Алайда, кейбіреулер індеттің кететініне сенбейді.

БЛИЦ:

- Через 50 лет.

- Білмеймін даже, хотелось бы побыстрее.

- Құдай біледі ғой.


Еске түсірсек, пандемия басталысымен отандық «мен» деген көріпкелдің барлығы жаппай болжам жасауға кіріскен еді.  2020 жылдың 2-сәуірінде Кажетта есімді көріпкел қауіпті індет сол жылдың мамырында аяқталады деген болатын.

Кажетта АХМЕТЖАНОВА, КӨРІПКЕЛ:

Коронавирус, коронавирус деп айқайлай бермеңіздер. Жаман аурудың атын атауға да болмайды. Сөздің күші бар, естеріңізде болсын. Өзімізді сондай қорқынышты дүниеге сөздің күшімен итермелемейік. Бұл ауру бізде ұзақ уақыт қалмайды. Мен оны тек 6-мамырға дейін ғана көріп тұрмын. Ал, 6-мамырдан соң, коронавирус тақырыбы толық жабылады.

«Жағдайды сөзіміздің күшімен күшейтпейік» деген көріпкел осыдан 1 ай бұрын тағы  жаңа болжам айтты. Жығылған жұдырыққа тоймайдының кебі ме, бұл жолғы болжамы алдыңғысынан өзгеше.

Кажетта АХМЕТЖАНОВА, КӨРІПКЕЛ:

4 жылдай. До 2025, бұл до 2024 года. Бір вирус кетеді, омикрон келеді, омикроннан екі вирус келеді. Одан кейін басты, ең самый сложныйы сосуды головного мозга, көтеріліп ауыратындар көтеріліп ауырады. Көп суицид болады.


Көріпкелдің пайымынша, келешекте індеттің ілмегіне ілінетіндер, суицид жасайтындар көп болмақ. Өйткені, жердің ақпараттық қабаты негативке толып кеткен, дейді. Ал, осыдан 2 апта бұрын танымал вирусолог-ғалым былай деді:

Алмаз ШАРМАН, ВИРУСОЛОГ-ҒАЛЫМ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Кішкене шыдамдылық таныту керек. Менің ойымша, бұл індет әлі көктемге дейін жалғасады. Шамамен 1,5-2 айға созылады. Сосын вирустың таралуы әлсіреп, біз қалыпты өмірге ораламыз. Қоғаммен еркін қарым-қатынас жасай аламыз деген үміттемін. Пандемия табиғи процесс болғандықтан,жойылып кетуі мүмкін.

Көріпкел де, шенеунік те, тіпті ғалымдардың өзі жауабын таппаған пандемияның бұрынғымен салыстырғанда бәсеңдегені белгілі. Ал,кешегі ресми ақпарат бойынша тәулігіне індет жұқтыратындардың саны 2000-ға дейін азайған.  

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі - жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады.

Шенеунік жағдай бақылауда дегенімен, дес бермейтін вирус тағы да мутацияға ұшырап, құбылуы мүмкін. Бұл - әлемдік ғалымдардың пайымы. Алайда, халық ерте ме, кеш пе қауіпті індет толығымен ауыздықталса   деп тілейді.

Л. Қуанышқызы