Мемлекет басшысы Қазақстанның Өзбекстан және Пәкістанмен кеден саласындағы ынтымақтастығын дамытуға бағытталған екі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Astana TV.
Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.