Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы өлтірді деген күдік бар

AstanaTV
10.02.2022ж. 20:00
1256
Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы өлтірді деген күдік бар

Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы аяусыз соққыға жығып, қанжоса күйінде айдалаға апарып тастаған. Аяқ-қолы сынған, басы жарылған азаматты ауыл тұрғындары  тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ, жігіт есін жимастан, қабылдау бөлмесінде көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен сол елдімекеннің 8 адамы ұсталды.  Оларға   «Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру» бабымен айып тағылған.   Бүгін күдіктілерге қатысты сот басталды. Егер олардың кінәлары дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Б. Надірқызы