Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Кездесу келіссөздер үшін емес, нәтижеге жету үшін", - Қ.Тоқаев

AstanaTV
11.02.2022ж. 20:00
1693
"Кездесу келіссөздер үшін емес, нәтижеге жету үшін", - Қ.Тоқаев

"Кездесу келіссөздер үшін емес, нәтижеге жету үшін". Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге екі күндік сапарын осылай қорытындылады. Президент сондай-ақ сол елдің Үкімет басшысымен кездесті. Тараптар цифрландыру, білім беру, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Барлығы екі елдің экономикасын жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Оның үстіне, Қазақстан мен Ресейде көптеген бірлескен жобалар бар. Толығырақ әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.

Бүгін Президент Қазан қаласына барды.  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Қазақстан Президенті мыңжылдық тарихымен, бай мәдени мұраларымен танылған Татарстанға  шақырғаны үшін Рустам Миннихановқа алғыс айтты.  Екі ел арасында тығыз қарым-қатынас бар. Былтыр  тауар айналым 420 миллион долларға жеткен. Тараптар бұл көрсеткішті  1 миллиардқа ұлғайтуды жоспарлап отыр.   

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
 
Мұнда Қазақстан Президенті ретінде келгеніме өте қуаныштымын. Сізбен елімізде бірнеше рет кездестім. Біз көптеген мәселе туралы, соның ішінде Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде сөйлестік. Екіжақты ынтымақтастыққа негізделген маңызды жобаларымыз бар. Егер Қазақстан мен Татарстан басшылары саяси ерік-жігер танытатын болса, бұл жобалардың жүзеге асырылатыны сөзсіз.


Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевты «Дуслык» орденімен марапаттады.

Қазақстан мен Ресейде КАМАЗ, СИБУР және басқа да жетекші компаниялар қатысатын маңызды жобалар бар. Бұл ретте Қазақстан Еуразия ынтымақтастық одағы аясындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетте екенін жеткізді.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ресей бизнесі Қазақстан экономикасының барлық салаларында кеңінен қолданылады. Республикада біздің елдің капиталдың қатысуымен 7,5 мыңға жуық бизнес-құрылым жұмыс істейді. Қазақстан мұнайының сыртқы нарыққа негізгі транзиті Ресей арқылы өтеді, ал Қазақстан аумағы арқылы ресейлік мұнай Қытай Халық Республикасына жеткізіледі.

Жалпы, келіссөздер барысында білім мен цифрландыруды қоса алғанда, барлық дерлік саланың жайы сөз болды. Мемлекет басшысының айтуынша, "кездесу келіссөздер үшін емес, нәтижеге жету үшін жүргізілді". Сондай-ақ Путин мен Тоқаев Қазақстандағы ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары желісін кеңейту туралы да келісті. Барлығы 11 құжатқа қол қойылды.

А. Данияр