Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп жатыр

AstanaTV
10.02.2022ж. 20:00
1658
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп жатыр
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Олар екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырып, маңызды келіссөздерге қол қоймақ.  Президенттің Ресейге жұмыс сапары екі күнге созылады. Бұл  көшбасшылардың қаңтар оқиғаларынан кейінгі алғашқы жеке кездесуі. Қасым-Жомарт Тоқаев  құрбан болғандардың саны көп екенін айтты. Сонымен қатар, ол Ресей Федерациясы мен Қазақстан "Құдай қосқан көрші" деді. Президент қандай жағдай болмасын қос  мемлекет екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Өкінішке қарай, құрбан болғандар көп болды, мен өзім де осыған байланысты алаңдаймын, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Әрбір іс тергеліп жатыр. Әрине, кінәлілер жазасын алады.

Владимир Путин Ресей Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 26,5 миллиард долларға өскен.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Енді осы оқиғалар барысында жоғалғанның бәрін қалпына келтіру үшін көп күш салу керек екенін білемін. Бірақ Қазақстан соған қарамастан сіздің күш-жігеріңіздің арқасында сіздің басшылығыңызбен белсенді дамып келеді. Біз, өткен жылдардағыдай, Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл әлеуетін, ең алдымен, экономикалық тұрғыдан пайдаланатын боламыз деп үміттенемін.

Б. Сатуов