$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қаңтардағы қақтығыс кезінде ұсталған 85 адам бостандыққа шықты

AstanaTV
11.02.2022ж. 20:00
2059
Қаңтардағы қақтығыс кезінде ұсталған 85 адам бостандыққа шықты

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынған 85 адам «Аманат» қоғамдық комиссиясының көмегімен тергеу изоляторларынан босатылды.  Бұл туралы құқық қорғаушылар хабарлады. Олардың сөзінше, ұсталғандардың арасында кәмелет жасқа толмағандар, әйелдер мен ауыр жарақат алғандар бар. Қамаудан шыққандар жауапкершіліктен босатылмайды. Тек бұлтартпау шарасы өзгертілді. Қазір құқық қорғаушылар қамауда отырғандарды босату үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатырмыз, дейді.

Абзал ҚҰСПАН, "АМАНАТ" КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, АДВОКАТ:

Алматы қаласы бойынша 68 адамды, Алматы облысы бойынша 9 адамды, Шымкент қаласы бойынша 8 адамды бас жарасын өзгертіп, қазіргі жағдайда 85 адамды қамаудан босатуға қол жеткізілді. ШҚО-ның Семей, Өскемен қалалары бойынша жалпы 24 адамды, Шымкент қаласында тағы 5 адам босатылады деп күтілуде.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, қаңтар оқиғасы фактілері бойынша тергеу изоляторына қамалғандардың көбі -жас жігіттер. Бірен-саран әйел бар дейді.  Кәмелет жасқа толмағандардың барлығы үйлеріне жіберілген.  Сондай-ақ, изоляторларға барған адвокаттардың сөзінше, ұсталғандар тәртіп сақшылары тарапынан  азаптау, ұрып-соғу және заңсыз әрекеттерге жол берілгеніне шағымданған. Құқық қорғаушылар озбырлық қамауға алу кезінде және тәртіпсіздіктерден кейінгі алғашқы күндерде болғанын айтты.

Абзал ҚҰСПАН, "АМАНАТ" КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРҒАСЫ, АДВОКАТ:


Талдықорған қаласында азамат Батырбаевтың қандай жағдайға ұшырағандығын тәлпіштеп тұрып жазып берген біздің комиссия болатын. Арқасына үтік басқандығын, оның қандай ауыр хәлде жатқандығын, барлығын біз даталармен көрсетіп отырдық қай күндері таяқ жегендігін. Оны біз жасырып жатқан жоқпыз, иә ондай жағдайлар орын алған.


Л. Қуанышқызы