$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда 40 жастағы әйел ер адамды пышақтап, кәріз құдығына тастаған

AstanaTV
16.02.2022ж. 20:00
1514
Қызылжарда 40 жастағы әйел ер адамды пышақтап, кәріз құдығына тастаған

Қызылжарда 40 жастағы әйел ер адамды пышақтап, кәріз құдығына лақтырып тастаған. Мәйітті қаңғыбастар тауып алыпты. Тәртіп сақшыларының айтуынша,  аймақта тұрақты мекенжайы жоқ адамдар көбейіп барады.   Оның себебі неде? Бұл туралы  өңірдегі тілшіміз Абзал Құрманкин  айтады.

Жұртты дүр сілкіндірген қайғылы жағдай  Брусиловский көшесінде болған. 30 жастағы жігіт пен 40 жастағы әйел   кәріз құдығының ішіне кіріп, ішімдік ішкен, артынша  жанжалдасып қалған көрінеді. Ашу-ызаға булыққан әйел ер адамға бірнеше рет пышақ сұққан.  

Сән ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жүргізілген тергеу амалдары арқылы қылмысқа тұрғылықты мекенжайы жоқ 40 жастағы әйелдің қатысы бар екені анықталып отыр. Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы 1-бөлігі яғни адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті Петрпавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды.


Полицейлердің айтуынша, қаладағы  барлық кәріз құдықтарының қақпағы жабық. Бірақ, қаңғыбастар көп ұзамай-ақ оны ашып, қопарып тастайды дейді.  Тәртіп сақшылары рейд   барысында 30-ға жуық адамды   ұстап, уақытша паналау мекемесіне орналастырған. Орталық 50 орынға лайықталғанымен,  тұрақты мекенжайы жоқ адамдар бұл жерде тұрақтамайтын көрінеді.

Адай СМАЙЫЛ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚАБЫЛДАУ-ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз тұрғындардың өтініші бойынша бомждарды аула арасынан ұстап, орталыққа апарамыз. Бірақ олар тамаұ ішіп алып,  тайып тұрады. Мұнда қалғысы келмейді. Еркін өмір сүруді қалайды. Кейін оларды қайтып жылу магистральдерінің арасынан іздейміз.

Еркін өмір сүруді қалайтындардың  бірі – Александр Скворцов. 29 жастағы жігіттің екі баласы бар. Алайда, тұрақты жұмыс таба алмағандықтан далада қалған. Әйелі сәбилерін алып, төркініне кетіпті.

Александр СКВОРЦОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күзетші болып жұмысқа орналасып едім. Кеше олар сотталғанымды біліп, жұмыстан шығарып жіберді. Қайынатам үйден қуып жіберді. Әке-шешем Ресейде. Енді міне, көшеде сандалып жүрмін.

Қызылжарда  қазір тұрақты мекенжайы жоқ 200-ден астам адам есепте тұр. Тәртіп сақшыларының айтуынша,  олардың саны жыл сайын шамамен 20 пайызға көбейеді. Қаңғыбастар тек қаһарлы қыста  азаяды дейді.   

А. Құрманкин