$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Nur Media холдингіне жаңа басшы келді

AstanaTV
16.02.2022ж. 20:00
911
Nur Media холдингіне жаңа басшы келді

Nur Media холдингіне жаңа басшы келді. Бұл туралы Nur Otan партиясының ресми сайты хабар таратты. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен холдингтің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды. Ол Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарған. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып істеді. Екі жылдан астам «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды. 2020 жылдың мамыр айынан бастап Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.