«Алтын Орда» базары маңындағы жолды, енді 8 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары қарастырылып жатыр. Бұл туралы Алматы облысының мәселелерін сүзгіден өткізген жауапты министрлік өкілдері айтты. Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары "Нұр-Сұлтан- Алматы" тас жолының мәселесін де көтерді. Еске сала кетейік, тендерді әзірбайжандық компания жеңіп алған болатын, бірақ ол компанияның банкротқа ұшырауына байланысты жұмыс тоқтап тұр.
Берік КАМАЛИЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы арадағы жолды бітіру, биылғы жылға қойып отқан мақсатымыз, Қарағандыдан-Балқашқа дейін осы 2023 жылы президенттің тапсырмасы бойынша аяқтау. Алтын Орда развязкасы бітірілген болатын, қазіргі уақытта, 4 полосадан 8 полосаға дейін оның біз документациясын дайындап осы жылы бастап келесі жылы аяқтаймыз ба деген жоспар бар.
Ә. Дүкембаева