Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордағы мектепте ерекше балаларға арналған кабинет ашылды

AstanaTV
17.02.2022ж. 20:00
1885
Елордағы мектепте ерекше балаларға арналған кабинет ашылды

Елорда мектептерінің бірінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. "Болашақ" қорының бастауымен ерекше балаларға арналған алаң іске қосылды. Бұл бастамаға елорда әкімшілігі қолдау білдірген. Аталмыш Орталықты құрастыруға халықаралық қайырымдылық платформасы арқылы 1 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Жаңа кабинетте аутизмі бар балаларға мұғалімдер мен педагог-асистенттер көмектесетін болады. Бұл алаңда ерекшелігі бар оқушылар мектеп бағдарламасын игеруге және қатарластарымен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алады дейді мамандар. Айта кетейік, аталмыш орталық Болашақ қорының бас қаладағы 11-ші жемісі. Жалпы елімізде мұндай инклюзивті кабинеттер саны 40-тан асады.

Динара ГАПЛАН, "БОЛАШАҚ" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

 
2015 жылы аутизмі бар балалардың ата-аналары және басқа да бірқатар қоғамдық ұйымдар біздің назарымызды аударды, олар практикада балалардың құқықтары бұзылып жатқанын хабарлады. Ел Президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағанына қарамастан, әлі күнге дейін көптеген балалар мектепке лайықты жағдайда бара алмайды.

Д. Жарқынбек