Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мәжіліс депуаттары мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналармен кездесті

AstanaTV
17.02.2022ж. 20:00
1480
Мәжіліс депуаттары мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналармен кездесті

Мүгедектер санатына қатысты заңға өзгертулер енгізу керек. Жарымжан балалардың ата-аналары мәселе көтерді. Олардың айтуынша мүмкіндігі шектеулі балалардың ем-дом алуына бірқатар кедергілер бар.  Павлодарға келген Мәжіліс депутаттары «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында мүгедек бала тәрбилеп отырған аналармен кездесті. Шара барысында балаларды оңалту орталықтарының жетіспеушілігін, дәрі-дәрмектің тым қымбат екенін айтып шағымданғандар көп болды. Сондай-ақ психикалық ауытқы бар балаларды мүгедектер санатына енгізу жайы да көтерілді.

Мария РОМАНЦОВА, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРДЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 
Балалар мүгедектігінің 99 пайызы дәрігерлердің жауапсыздығы мен кінәсінен болады.  Менің де балаларым түрлі ауруға шалдыққан. Ал оларды емдейтін, оңалту орталықтары аз.  

Аналардың мұңын тындаған мәжіліс депутаттары, проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылданатын жеткізді.

Айгүл НҰРКИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕСІ:
 
Бізге көптеген аналар өз шағымдарын жеткізді. Соның ішінде бір балаға дәрігерлер дұрыс диагноз қоя алмаған. Ал анасы дәрігерлерді сотқа беріпті. Бұл әрине қиын жағдай. Бастысы баланың сауығып кетуі бәріміз үшін маңызды.


Мұнан соң депутаттар аймақтағы Павлодар ауданына барып, агрорлық колледждің студенттерімен де кездесті. Бұған дейін колледж студенттері жатақханаларының суық екенін айтып шағымданған болатын. Парламент өкілдері оқу орталығының жатақаханасымен, жылу қазандығымен де танысып, студенттердің хал жағдайын білді. Білім алушы жастар қазір мәселелердің шешілгенін жеткізді.

Анатолий БОЙЧИН. ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕСІ:
 
Бүгінгі күні  жылу қазандығындағы температура қалыпты деңгейде екенін көрдік. 2 бірдей қазандық жұмыс істеп тұр. Қосымша тағы екі қазандық бар. Көмір қоры жеткілікті. Сондықтан, жылумен проблема жоқ.

Ө. Қуанар