Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Батысқазақстандық шаруалар қасқырды тірідей жалаң қолмен ұстап алды

AstanaTV
17.02.2022ж. 20:00
1605
Батысқазақстандық шаруалар қасқырды тірідей жалаң қолмен ұстап алды

Ептілік пе, батылдық па?! Батысқазақстандық шаруалар қасқырды тірідей, жалаң қолмен ұстап алды. Қыстаққа жиі келгіштей берген түз тағысы малға шаба ма деп уайымдаған ауылдықтар, оны ақыры қолға түсіріпті.

Жаны қысылған түз тағысы шаруалардан айласын асырып, бір рет қашып құтылған. Бірақ соңынан қуған жігіттер көп ұзатпай қолға түсіріп, байлап-матап қойыпты. Дегенмен қасқырдың бұдан кейінгі тағдыры белгісіз. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының дерегінше, биыл 196 қасқырды аулауға рұқсат берілген. Сондықтан олардың әрекеті заңға қайшы емес. Әрі аң аулауға рұқсаты бар болып шықты. Ал, заңсыз аң атқандарға салынар айыппұл 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде екенін ескертті. Мамандардың дерегінше, Батыс Қазақстан облысында мыңға тарта қасқыр бар.

Арман ІЗІМҒАЛИЕВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар мен ауылдық округтердің аумағында қасқырлардың малға шабуыл жасауының бірнеше фактілері тіркеліп отыр. Осыған байланысты инспекциямен қасқырларды атуға рұқсат беріледі. Рұқсат құжаттарын ЕГОВ порталы арқылы алуға болады. Бүгінгі таңда инспекциямен қасқырды атуға сексеннен астам рұқсатқұжаттары берілді.

Е. Карин