Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Басында тақия, үстінде оюлы нымшасы бар америкалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

AstanaTV
17.02.2022ж. 20:00
2254
Басында тақия, үстінде оюлы нымшасы бар америкалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Хабарымыз әрі қарай спорт жаңалықтарымен жалғасады. Онымен әдеттегідей әріптесім Асылбек Данияр {жалғастырады}. Асылбек, бүгін қандай жаңалықтармен бөлісесің?

Кеш жарық, Лаура! Бокстан Америка чемпионы Геннадии Головкинге ерекше үндеу жолдады. Сондай-ақ, Құрлықтық хоккей лигасы биылғы чемпионаттың кестесін жариялады. Осы және өзгеде жаңалықтар сәлден соң.

Америкалық боксшыдан Қазақстанға сәлем. WBO чемпионы ДемеТриус АндРаде "қазақша" киініп, Геннадии Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол өз ұсынысын Дубайдағы ЭКСПО қалашығында орналасқан Қазақстан павильионының алдында айтты. Басында тақия, үстінде оюлы нымшасы бар афроамерикалық, қазақстандық былғары қолғап шеберімен шаршы алаңда жұдырықтасуға дайын екенін айтқан. Өз сөзінде Қазақстанға келуге ниеті барын да жеткізді.

Деметриус АНДРАДЕ, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:

GGG біз сені іздеп келдік. Қазақстан бокс жанкүйерлері мені танып жатыр. Қазақстанға жалынды сәлем. Әрине, жолым түссе Қазақстанның тамаша табиғатын көруге асықпын. Геннадии жекпе-жекке шығайық, шаршы алаңда кездесейік. Мен осы павильонға сен үшін келдім.


Құрлықтық хоккей лигасы биылғы чемпионатты өткізу құрылымына енгізілген өзгерістерді бекітті. Бұл туралы лиганың ресми сайты хабарлады. Биылғы маусымның плей-офф кезеңі 1 наурызда басталады. Шығыс конференциясында сегізінші орыннан көрінген елордалық «Барыс» топ үздігі «Металлург» командасымен Гагарин кубогының бірінші кезеңінде 1, 3, 5, 7, 9, 11 және 13 наурыз күндері ойын өткізеді. Еске сала кетейін, былтыр плей-офф бәсекелерінің бірінші кезеңінде «Барыс» «Металлургке» 2:4 есебімен есе жіберген еді.

Енді Олимпиада ойындарында бүгін бақ сынаған спортшылардың нәтижесіне тоқталсам.  Ел намысын конькимен жүгіруден Екатерина Айдова мен Надежда Морозова қорғады. 1000 метр қашықтықта жарысқан бұрымдылар жүлдеге ілікпесе де, жақсы нәтиже көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Надежда 11-нші, Екатерина 19-ншы орынға жайғасты. Бұл додада жапониялық атлет топ жарып, олимпиада рекордын жаңартты.

Әдеттегідей Қытайда өтіп жатқан XXIV Қысқы Олимпиаданың  бүгінгі нәтижесіне тоқталсам. Норвегия үздіктер көшін бастап тұр. Қоржындарында
алтын, күміс, қола бар. Екінші орында -Германия. Кестенің үшінші сатысында АҚШ құрамасы тұр.  

Бүгінге айтарым осы. Ел намысын қорғап жүрген барлық спортшыларға сәттілік және жеңіс тілейміз. Лаура, сөз өзіңде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр