Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада «Нұр Отан» партиясының бастамасымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

AstanaTV
24.06.2016ж. 20:00
1581
Астанада «Нұр Отан» партиясының бастамасымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Елордада «Нұр Отан» партиясының бастамасымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Осымен екінші рет өткен шарада №2 сайлау округі тұрғындарының өтініштері қаралды. Қоғамдық қабылдауға  партияның Астана қалалық филиалы мен жергілікті маслихат депутаттары да ат салысқан.

№3 орта мектепте ашылған көшпелі қоғамдық қабылдауға мәселесін айта келгендердің қарасы көп. Оларды 20-дан аса мемлекеттік мекеменің жауапты өкілдері қабылдады. Жұрттың сауалы негізінен жер қатынасы, коммуналдық-шаруашылық және пәтер иелері кооперативтерінің шалағай ісіне қатысты. Сондай-ақ денсаулық, білім беру саласы мен балабақша мәселелері бойынша да өтініш жасағандар болды.

Зәуреш Жүсіпова, Астана қалалық мәслихатының депутаты «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Аудан-аудан бойынша әр ай сайын осы көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіліп жатыр. Бұның үлкен, зор мәні бар деп ойлаймын халыққа. Көшпелі қоғамдық қабылдаудың бір тиімдісі - бұл бірден, көріп отырсыздар, қаншама қала мекемесі басшыларының өздері келіп, өтініштерді қабылдап жатыр. Аламдар келіп жатыр. Бірден бірнеше мәселесін шешуге мүмкіндіктері бар. 

Тамара Мельникова, Астана қаласының тұрғыны:

Мен өзім тұратын үйдегі тұрғындар кеңесіне 18 жылдан бері көмек беріп келемін. Бүгін де солардың өтінішін жеткізуге келдім. Тозығы жеткен үйлер күрделі жөндеуді қажет етеді. Шағымымды алды, "көмек береміз" деді. Енді күтеміз.

Құралай ПИОНЕР