Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мәжіліс депутаттары өрт сөндірушілердің жалақысын көтеруге мүдделі

AstanaTV
18.02.2022ж. 20:00
1286
Мәжіліс депутаттары өрт сөндірушілердің жалақысын көтеруге мүдделі

Алматы қаласына тағы он бес өрт сөндіру депосы қажет. Бұл туралы  мамандар Мәжіліс депутаттарымен кездесу барысында айтты. Қазір мегаполисте 19 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Алайда олар қосымша жүктемені көтеруге қауқарсыз дейді,-жауаптылар. Ал жаңасын  салу үшін бос жер жоқ екенін айтады. Мәселені   нұротандықтар бақылауға алды.

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Алматы қаласы соңғы 5-6 жылда 2 есе өскендіктен, өрт сөндіру депосы жетіспейді. Қазір бұл жер учаскелерін биылғы жылы бөлу, жеке сектордан сатып алу және т.б. туралы мәселе туындап отыр. Біз шешеміз.


Сондай-ақ, алматылық құтқарушыларға   өрт сөндіру техникалары да жетіспейді. Мәжілісмендер өрт сөндіру мамандарының жалақысын да көтеру қажет дейді.

Артур ПЛАТОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл мамандық өте маңызды, өмірге қауіп төндіреді. Біз өрт сөндірушілердің ғана емес, жалақыны да одан әрі арттыруға тырысамыз. Адамдар өздерін қорғалған сезінуі үшін және әрдайым адал қызметтері үшін біз оларды бағалаймыз.

Б. Сатуов