Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Балаларға арналған әндер жинақ кітабы тұңғыш рет жарық көрді

AstanaTV
18.02.2022ж. 20:00
3167
Балаларға арналған әндер жинақ кітабы тұңғыш рет жарық көрді

Елордада балаларға арналған әндер жинағының тұсаукесері өтті. Биылғы барыс жылын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, академияның аға ғылыми қызметкері Алтын Маханбетованың «Менің өлкем» атты кітабы тұңғыш рет жарық көрді. Автордың патриоттық және бақытты балалық шақ тақырыбына арналған 30 әні енген. Кітап жалпы 53 данадан шығарылды. Жинақ Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына орай Академия президенті Ғани Бейсембаевтың қолдауымен жарыққа шықты. Тұсаукесер рәсіміне Композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров бастаған кәсіби сазгерлер, музыкант-ғалымдар қатысты.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақ әндерінің көптеп балалар арасында таралуына мұрындық болып отырмыз.   Қазақ тарихындағы балалар әндеріндегі тұңғыш партитурасы шығып жатқан, бұл бір ең үлкен балалар музыкасының қосып жатқан үлкен бір үлесі деп айтуға болады.


Ә. Дүкембаева