Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Екібастұзда табылған «маугли» балалар үшін бірқатар шенді жұмыстан қуылды

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
1385
Екібастұзда табылған «маугли» балалар үшін бірқатар шенді жұмыстан қуылды

Екібастұзда табылған «маугли» балалардың жағдайына байланысты тексеру нәтижелері шықты. Жұмысына салғырт қараған қаланың жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Сәбит Көжелдақов пен білім бөлімінің басшысы Сәкен Майдисаров қызметінен босатылды. Ал қала әкімінің орынбасары  Мәриям Маликоваға сөгіс берілді. Бұған дейін  облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз бен Ақсу қалаларының әкімдеріне де сөгіс жариялаған болатын. Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін полиция қызметіне, денсаулық сақтау саласы мен  әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ай сайын тұрмысы төмен отбасыларға   тексеру жүргізіп тұру туралы тапсырма берілді.

Ө. Қуанар