$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Шабуылдаушылар серіктесінің денесін мәйітханадан ұрлап кеткен",- Бас прокуратура

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
1736
"Шабуылдаушылар серіктесінің денесін мәйітханадан ұрлап кеткен",- Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы бойынша 12 мың адамнан жауап алынған. Оның ішінде 255-і күзетпен ұстауда отыр. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаменті мәлімдеді. Сонымен қатар 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталған. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі арнайы брифинг өткізіп, ресми мәліметтермен бөлісті.

Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлер  қаруы болмаған 18 жастағы жедел қызмет жауынгерін  көпірден лақтырып жіберген.  Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыскерлер мемлекеттік органдардың нысандарына арнайы шабуыл жасады. Осылайша, олар қосымша құқық қорғау күштерінің келуіне жол бермеуге тырысты. Мысалы, 18 жастағы қарусыз жедел қызмет жауынгерін орталық көпірден лақтырып жіберуге дейін барған.

Қызылорда облысында да жаппай тәртіпсіздік кезінде жергілікті полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасалған. Бұзақылардың бірі  полиция қызметкеріне шабуылдаған серіктесінің денесін ұрлап кеткен.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Атыс нәтижесінде шабуылдаушылардың бірі өлтірілді. Түнде М. есімді ер адам полиция қызметкеріне шабуылдағанын жасыру үшін қайтыс болған серіктесінің денесін ұрлап кеткен. Мұндай күдіктілерге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертуге жатпайды.

Ішкі Істер Министрлігі Тергеу басқармасының бастығы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды сату фактілері туралы да баяндады. Ол Алматы, Алматы облысы, Жамбыл облысындағы қару-жарақ дүкендерінің қалай тоналғанын айтты.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Жамбыл облысы Байзақ ауданында, жедел іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкерлерінен ұрланған Калашников сату барысында, Тараз қаласының 45 жасар тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жеке тінту барысында қаруды сатудан түскен 300 мың теңге ал автомобиль салонынан 2 Калашников оқ дәрісімен алынды.

Құзырлылардың айтуынша,   1006 қару-жарақ  және 20 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген. Сондай-ақ, "Алматыдағы "Шаңырақ-2" шағын ауданында екі адам ұсталған. Олардан  бес мың патроны бар мырыш,  2880  тапанша , 2 мыңнан астам пулемет табылды. Ал, Атыраудағы тәртіпсіздік кезінде полиция қызметкерін соққыға жыққаны үшін күдікті қамауға алынды.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Шабуыл барысында қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылған қарусыз тартылған полиция  қызметкерін  қатыгездікпен ұрып соққан жергілікті тұрғын ұсталды. Видеода көрінгендей ашулы тобыр полиция қызметкерін қоршап алып соққыға жыққан. Нәтижесінде ол құлаған кезде ұсталған кезде оның басынан соққылар жұмсаған. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.

Ішкі істер органдары тергеушілерінің мәліметінше,  12 мыңнан астам адамнан жауап алынған.  Қазір  2729 қылмыстық іс қаралып жатыр,  соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр.

Ә. Дүкембаева