Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Медициналық сақтандыруы жоқтарды скринигтен өткізбеу тәсілі депутаттардың ашуын тудырды

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
1153
Медициналық сақтандыруы жоқтарды скринигтен өткізбеу тәсілі депутаттардың ашуын тудырды

Медициналық сақтандыруы жоқ 3 миллионға жуық қазақстандық, міндетті скринингтен өте алмайды. Олардың басым бөлігі ауыл тұрғындары. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының Өскеменге жұмыс сапары барысында белгілі болды. Депутат Зарина Камасованың мамандығы -  дәрігер. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде тұрғындар негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтып, қосалқы шаруашылықпен күн көреді. Демек МӘМС бойынша жарна төлей алмайды. Ал онкология бойынша тегін скриниг қолжетімді болмаған соң, халық арасында ауруды ерте кезеңде анықтау мүмкін болмайды,- деп отыр.

Зарина КАМАСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныспен шығатын боламыз. Кепілдік берілген пакет деген ұғым бар, яғни кепілдік сақтандырылған ба, жоқ па, оған байланысты емес.  Дәрігер ретіндегі менің жеке пікірім скрининг кепілдендірілген пакетте болуы тиіс. Бізде үш миллион адам сақтандырылмаған.   

Шұғыл шешуді талап ететін тағы бір маңызды мәселе-құрылыс саласын отандық материалдармен қамтамасыз ету, -дейді депутаттар. Себебі импорттық өнім Қазақстанда жылжымайтын мүліктің қымбаттауына түрткі болған. Мәжілісмен Игорь Панченконың айтуынша, Қазақстанда кез-келген құрылыс материалдарын өндіруге мүмкіндік бар. Оған қоса мемлекет өндіруші зауыттарды ынталандыру  шараларын қарастыруды қолға алған.

Игорь ПАНЧЕНКО, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Президент құрылыс компанияларын отандық қажетті материалдармен, қажетті көлемде қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Бұл өз өндірушілерімізді ынталандыру үшін, өнімдерін өткізуді тиімді ету үшін қолға алынған. "Өнеркәсіптік саясат" туралы Заңда мұндай шараларды қолдану қарастырылған.


Б. Надірқызы