Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Көрерменнің көзайымы болған "Қара ниет" телесериалы қайта жалғасады

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
2622
Көрерменнің көзайымы болған "Қара ниет" телесериалы қайта жалғасады

Бүгіннен бастап арнамызда жаңа телесериал көрерменге жол тартпақ. "Сарай жауһары" деп аталатын корей телехикаясы жетім қыз Джанг-гемнің тағдыры туралы. Ол императорлық асханаға жұмысқа қабылданып, "үздік аспазшы" болу үшін аянбай тер төгеді. Алайда, оның жетістігіне қызғанышпен қарайтындар табылып, ақыры сарайдан қуылады. Кейін қуғынға ұшырап, Чеджу аралына бас сауғалайды. Үздік аспазшы бола алмаса да, мықты дәрігер болуға күш салады. Бұл сериал корей драмаларының ондығына кіреді. Ол корольдік Джосон әулетінің алғашқы әйел дәрігері Джанг-гемнің шынайы оқиғасына негізделген. Телесериал жұмыс күндері 23.40 басталады!

Сонымен бірге «Қара ниет» телехикаясының тұрақты көрермендері үшін де жағымды жаңалық бар. Көпшіліктің көзайымына айналған телехикая жалғасын табады. Жоқшылық, махаббат пен сатқындық... Сериал авторлары көрермендердің барлық тілегін ескерген. Сүйікті кейіпкерлер Жұлдыз мен Эндерден бөлек, жаңа бейнелер енген. Сондықтан арнамыздан алыстамаңыздар. Сүйікті телехикаяларыңыз  де, жаңалықтардан соң, яғни 21:00де экранға шығады.

Ә. Дүкембаева