Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Халық сүйіктісі» жүлдегерлері марапатталды

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
1032
«Халық сүйіктісі» жүлдегерлері марапатталды

Елордада «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің иегерлері марапатталды. Биыл 11-рет өткізілген  байқауда әр  саланың майталмандары анықталды. Жыл бойы халық  назарында болып, көпшілік көңілінен шыққандар үздік деп танылды. Жұрт үздік спортшы, үздік дәрігер және үздік ұстаз аталымы бойынша өз таңдауын жасады.  «Алтын дәуір» арнайы жүлдесімен Қазақ киносының ардагері, белгілі актер Нұржұман Ықтымбаев марапатталды.

Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, КСРО МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

Бір баяғыда сөзім бар еді, «Нан дәмі» деген фильмде, сонда Қонаев атамыз нескромный секретарь деп кеткен.Өйткені Валерий Рыжаков сіздерді АТКОМ-ның бірінші секретарі етіп сайлаймыз деп жатқанда мен айтам, біраз ойланып, дұрыс істеп отсыңдар, ол қызметке менен басқа ешкім жарамайды, сондықтан мені сайлағандарың дұрыс деймін. Бүгінде соны айтып жатырмын, мен бұл марапатқа тұратын адаммын.

Сондай-ақ «Халық сүйіктісі» жүлдесінің  үздік тележүргізуші номинациясы бойынша  "Астана" телеарнасының жүргізушісі  Динара Сатжан марапатталды.  Ал «Мәдени мұра» сыйлығына «Алтын Орда» авторлық дизайнерлік үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада лайық деп танылды. Сондай-ақ, «Табыс пен даму» құрметті сыйлығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Халықтың сүйіктісі» номинациясына ие болды.  

Ә. Дүкембаева