Баласын арқалаған әке әділдік іздеп жүр. Айтуынша, осыдан екі жыл бұрын оның 8 жасар қызы велосипедпен серуендеп жүріп, жазатайым жағдайға ұшыраған. Жол апаты болған жерді қоршаған жіпті көрмей қалып, құлаған, ауыр жарақат алыпты. Содан бері денсаулығы қалыпқа келер емес дейді. Бұл оқиғаға полиция қызметкерлерін кіналайды. "Көрінбейтін жіп жүргізгені өз істеріне салғырттығы" дейді. Сотқа бірнеше рет арызданған.
Олег ААБ, ШАҒЫМДАНУШЫ:
Материалдық мәселе мен үшін маңызды емес. Мен үшін олардың заң алдында жауап бергені маңызды. Қызым әлі күнге дейін сол жағдайдың кесірінен ауырады. Дұрыс сөйлемейді, дем алғанда қиналып, ашуланады. Балаға ондай жасауға ешкімнің хақы жоқ.
Құзырлылардың айтуынша, іс әлі қаралып жатыр. Ақ- қараны ажырату әзір мүмкін емес дейді. Ал, сенатор Андрей Лукин бұл дерек бойынша медициналық сараптамадан басқа, сотқа дейінгі тергеу ісі қарқынды жүру керек айтты.
Андрей ЛУКИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Кез келген жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары өткізілуі керек, сараптама жүргізу қажет. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аясында учаскелік полиция инспекторынан бастап, тергеуші мен лауазымды тұлғаларға дейін процеске қатысушылардың барлығына түбегейлі баға берілуі керек. Бірақ ең маңызды сұрақ - кім кінәлі екенін анықтау.
Арман САДАНОВ, ҚР ІІМ ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Осы істі депутаттармен сөйлескеннен кейін, Өзіндік қауіпсіздік департаменті бақылау ретінде ол істі алып, қайтадан зерттеп, кемшіліктер болса дұрыстап, заңды шешім қабылдайды. Біз ешкімді ақтап немесе жақтап жатқан жоқпыз. Бірақ алдымен бүкіл экспертизаны өткізейік, әрі қарай шешім қабылдаймыз. Біз былай, былай деп айта алмаймыз. Бұның нүктесін қоятын - біздің Прокуратура.
Д. Жарқынбек