Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тарифті жоғарылату арқылы халықтан артық төлем алған

AstanaTV
22.02.2022ж. 20:00
1144
Тарифті жоғарылату арқылы халықтан артық төлем алған

«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы 1,4 млрд  теңге негізсіз табыс тапқан. Яғни табиғи монополияларды реттеу департаментімен бекітілген тарифті жоғарылату арқылы, халықтан артық төлем алып келген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты мәлімдеді. Соттың ақпаратынша, филиал тұтынушылардан алған артық ақшаны газдың бағасын төмендету арқылы қайтармақ.
   
Жанат ОСПАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫ:

2019 жылдың қараша айында тарифті 34,6 пайызға төмендету туралы бұйрық шығарған. Ол бұйрық 5 жылға бекітілген тариф және 2020 жылдың қаңтар айынан қолданылуы тиіс болған. Алайда «ҚазТрансГаз Аймақ» сол күйінше халыққа бекітілмеген тарифпен қызмет көрсете берген. Қайтару үшін, 44 пайызға тағы да түседі деп отырмыз.


М. Тоқтасынқызы