$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Қостанай қаласының тұрғыны үйінде қарасора өсірген

AstanaTV
22.02.2022ж. 20:00
794
Қостанай қаласының тұрғыны үйінде қарасора өсірген

Қостанайда өз  үйінде қарасора өсірген қала тұрғыны ұсталды.Тінту барысында күдіктіден  55 грамнан асатын есірткі заты  тәркіленген. 33 жастағы жігіт    бір бөлмені арнайы жабдықтап, жылыжайға айналдырған. Дәл осы жерден өсімдік бұталары табылды. Полицейлер оның тыйым салынған шөпті не үшін өсіргенін  анықтау үстінде. Ал тәркіленген марихуананы күдікті өзі қолданғанын айтып ақталған көрінеді. Ол бұған дейін де есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған. Жыл басынан бері аймақта есірткіге байланысты 63 факті анықталды. Жалпы салмағы 4 келіден астам есірткі тәркіленген.

З. Санай

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах