Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Үкімет басшысы министрлерге біршама тапсырма берді

AstanaTV
22.02.2022ж. 20:00
916
Үкімет басшысы министрлерге біршама тапсырма берді

Үкімет мүшелері қоғаммен санасу керек. Қабылданған әр шешім халыққа жан-жақты түсіндірілу қажет. Премьер министр Әлихан Смайылов бүгін қарамағандағыларға осыны ескертті. Сондай-ақ, көктемгі дайындыққа қатысты жұмыстарды төтенше жағдай министрлігі мен жергілікті әкімдіктің бір-біріне сілтеп жүргендерін сынға алды. Үкімет жиынына қатысқан  тілшіміз  Динара Жарқынбек әрі  қарай тарқатады.

Премьер-министр елдегі эпидахуал туралы баяндама жасаған  денсаулық сақтау министріне ескерту берді. Вице-министр БАҚ өкілдерімен өткен брифингте журналистер сауалына жөнді жауап бере алмағанын айтты. Бұл тұста ол министрлікке жиындарды сапалы өткізу маңызды екенін ескертті. Сондай-ақ, премьер-министр үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болып, қоғаммен ашық болуды тапсырды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мұндай жағдайлар, құрметті әріптестер, бүкіл Үкіметтің жұмысына кері әсерін береді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет. Әрбір қабылданған шешім дұрыс түсіндірілуі керек. Қоғаммен ақылдаса отырып қабылдануы керек. Бұл - Үкіметтің негізгі міндеті.

Ал, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин көктемде 300-ге жуық елдімекенді су басу қаупі бар дейді. Оның айтуынша, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары ең қауіпті аймақтар болып отыр. Егер күн күрт жылынып, толассыз жауын болса, басқа да аймақтарды су алу қаупі артады.  Министрдің мәліметінше, қазіргі таңда қауіпке қарсы шаралар қолға алынған.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

1 наурыздан кейін «Қазгидромет» РМК нақты болжам ұсынатын болады, соны ескере отырып, біз уақтылы жеткізу үшін министрліктің күштері мен құралдар топтамасын түзетеміз және қажет болған жағдайда резервтік топтарды қолданысқа енгіземіз


Жиынды ескертумен бастаған үкімет басшысы су тасқынымен күрес саласында әлі күнге шикіліктің көптігіне көңілі толмайтынын жеткізді. Әсіресе гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері түбегейлі шешімін таппағанын мысалға келтірді. Экология, геология және табиғи ресурстар  министрі Серікқали Брекешев премьер-министрдің сөзін қостады. Оның дерегінше елдегі 500-ден аса гидротехникалық нысанды жөндеу керек.

Серікқали БРЕКЕШЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Республика аумағында 1823 гидротехникалық тірек құрылысы бар. Осы жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 1646 гидротехникалық құрылыс тексерілді. Соңғы 5 жылда 16 нысан қалпына келтірілді. Нәтижесінде 120 мыңнан астам халқы бар 16 ауылдық елді мекендерде су басу қаупі жойылды.

Әлихан Смайлов утилді алымның мөлшерлемесіне де сұрау салды.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Серікқали Брекешев оның қанша болатынын ертең жариялайтынын айтты. Бұған дейін премьер-министр үкіметтің кеңейтілген отырысында автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилді алым мөлшерлемесін төмендету көзделіп отырғанын мәлімдеген болатын.

Д. Жарқынбек