Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан

AstanaTV
22.02.2022ж. 20:00
1073
Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан

Жетінші баласына жүкті алматылық әйел қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікке ілінді. Құрсағында сәбиі бар ана қылмыстын күйеуімен бірге жасаған.

Тінту кезінде полиция  бірнеше түрлі мылтық пен оқ-дәрілер  тәркілеген.  Ерлі-зайыпты  оның барлығын  үйінің аумағына  жасырған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
1996 жылы туған Т.есімді азамат, ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген.  Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды.  Бұл кезде оның қасында әйелі болған. талған дерек ҚР ҚК-нің 291 бабы 3 бөлігімен сараланды.

 
Бұл бап бойынша 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тәртіп сақшылары қала орталығынан тағы бір  атыс қаруы жасырылған  орынды анықтады. Төрт атыс қаруы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Ә. Лесбек