Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Nur Otan» партиясының съезінен күтеріміз көп,- оралдықтар

AstanaTV
22.02.2022ж. 20:00
1871
«Nur Otan» партиясының съезінен күтеріміз көп,- оралдықтар

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінен күтеріміз көп. Жаңару жолына түскен жаңа Қазақстан халқы алда өткізілетін алқалы жиынға осындай үміт артып отыр. Тұрғындарды әлеуметтік мәселелер толғандырады.  Баспана алу, жұмысқа тұру секілді әлеуметтік төлемдер жайы өте өзекті болып отыр. Тілшіміз жалғастырады.

«Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдауына көмек сұрап келгендердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Мысалы, былтыр орталыққа шағымданған  4 мыңға жуық оралдықтың тең жартысының мәселесі  оң шешілген.

Снежанна ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Азық-түліктің қымбаттауы, жұмыстың жоқтығы, жұмыс бар болса жалақысы аз дегендер. Ол көбінесе әлеуметтік мәселе. Бұл бірінші орында. Екінші орында – тұрғын үй мәселесі. Үшінші орында Еңбек кодексіне қатысты, 10 пайызы еңбекақысы, жалақы, еңбек шарттарына қатысты келеді «Nur Otan»-ның сайлаушылары.

Ал сарапшылар бас партияның алдағы уақытта осы позициясын сақтап қалатынын айтады. Өйткені былтыр өткізілген ішкі іріктеудің нәтижесінде  партия құрамы жаңарып, жаңа леп – жастармен толықты. Енді «Nur Otan»-ның әлеуеті арта түседі, дейді мамандар.

Тұрар ШАЙХИЕВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

«Nur Otan» партиясы еліміздегі ірі саяси партиялардың бірі екендігі белгілі. Ол өзінің саяси позициясын сақтап отыр. 2024 жылы президент сайлауы келе жатыр. Сондықтан президент сайлауының қарсаңында президентке қолдау көрсететін ірі саяси партияның қажеттігі ол айқын. Реформалар процесі жүріп жатыр партияның өз ішінде де. Әсіресе мысалы, сол 2021 жылғы сайлау кезінде партия үлкен ішкіпартиялық праймеризден өткен болатын.

Алдағы съезден тұрғындар да хабардар. Бұл жиында өздерін толғандырған тұрмыстық түйткілдердің түйіні тарқатылады деген үмітте.

БЛИЦ:  

- Жаңа Қазақстан – жаңа үміт дейді ғой. Енді осы съезд жаңа Қазақстанға жаңа үміт береді. Болатын съезд партияның тарихи болады, ол дейтін басқаша өтеді.

-  Әр мемлекетте, жалпы дамушы мемлекетте өзінің партиясы болуы керек, сол себептен партияның құрылымы, жалпы мақсат-міндеті айқын болса, халықтың жағдайы, халықтың әл-ауқаты одан әрі күшейеді, одан әрі жақсармақ деген ойдамын.

- Еліміздің әлеуметтік-саяси өмірінде көптеген жаңалықтар болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатынан да көптеген жаңадан жастарды қызықтыратын жаңа бастамаларды күтеміз.


Сарапшылардың айтуынша, «Nur Otan» партиясы бүгінде құқығы бұзылған азаматтар шағым айта алатын үздік институттардың қатарында. Бұл халықтың партияға деген сенімін айқын көрсетіп отыр.
 
Е. Карин