Бастауыш партия ұйымдары «Nur Otan» партиясының алдығы съезінде бірқатар мәселелер шешілетінінен үмітті. Қызылордада бас қосқан аймақтағы бастауыш партия ұйымдары өкілдері осыны жеткізді. Келелі жиынға Мәжіліс депутаты Ғалым Әмреев қатысты. Жиында бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары айтылды. Төрағаларының есебі тыңдалды. Партия мүшелері өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, қоғамдық қабылдаулар қызметін жандандыру жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съездінің міндеттері мен партия жұмысын жаңғырту турасында да сөз қозғады. «Алдағы жиыннан еліміз үшін маңызды, оң өзгерістер, тың бастамалар күтеміз» дейді партияластар.
Жандос БАЗАРТАЙ, «БІРЛІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бұл съезден көптеген үлкен мәселелер шешіледі деп күтеді. Халықтың ең керкеті проблемаларын шешуде партия ірдайым көшбасшы болу керек мәселесі, сайлауалды бағдарламаларын орындалу мәселесі съезде қаралып, партияның алдағы күні жаңа, күшейтілген режимде жұмыс істейтін механизмі жасалады деген үміттеміз.
М. Тоқтасынқызы