$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада ерекше балаларды қазақ тілінде оқытуға арналған алғашқы нұсқаулық жарыққа шықты

AstanaTV
23.02.2022ж. 20:00
846
Елордада ерекше балаларды қазақ тілінде оқытуға арналған алғашқы нұсқаулық жарыққа шықты

Елордада ерекше балаларды қазақ тілінде оқытуға арналған алғашқы нұсқаулық таныстырылды. Кітап "Болашақ" корпоративтік қорының бастамасымен қазақ тіліне аударылған. Аудармашылар ағылшын авторларының ойларын мағынасын жоғалтпай қарапайым сөздермен жеткізуге тырысқан. Кітапты аудару жұмыстарына 2 жыл кетіп, 5 миллион теңге  жұмсалған. Арнайы нұсқаулықтың 3 мың данасы жарық көрді. Олар арнайы мекемелерге, психологтарға, педагогтарға және ерекше балалардың ата-аналарына тегін беріледі.

Динара ШАЙЖҮНІСОВА, "БОЛАШАҚ" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Педагогтар, ассистенттер мен балалар қазақ тілінде сөйлейді және оқиды, ал барлық бағдарламалар орыс тілінде жасалған.  Сондықтан біз мамандарға, ата-аналарға қазақ тілінде арнайы әдебиеттер, ғылыми нұсқаулықтар қажет екенін түсіндік.

Б. Сатуов