Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Утилизациялық алым мөлшері 50%-ға төмендейді

AstanaTV
23.02.2022ж. 20:00
1136
Утилизациялық алым мөлшері 50%-ға төмендейді

Утилизациялық алым мөлшері  50 процентке арзандайды. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, алымның мөлшері қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Сондай-ақ, елімізде 71 мың адам жеңілдетілген несиемен жаңа көлік ала алады.   

Жеңіл көліктердің мөлшерлемесі 229 мың теңге мен 1 млн 700 мыңның аралығында болады. Вице-премьердің мәліметінше, алдағы уақытта  тарифтерді тағы төмендету немесе көтеру мәселесі қайта қаралады.

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

Сарапшының саралауынша, кәдеге жарату  алымын өзгерту жайлы шешім қысқа мерзімде қабылданған. Бұған қарамастан, елімізде көлік  құны арзандамайды дейді. Себебі, әлем бойынша  автомобиль тапшылығы бар.   

Артур МИСКАРЯН, АВТОНАРЫҚТЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін көріп отырған нәтиже - алымдардың 50%-ының түзетілуі. Бұл шешім көлік нарығына және жаңа көліктердің бағасына қалай әсер етеді деген сұраққа тоқталсақ, Қазақстанда жасалған және шығарылған көліктердің құны өзгермейді. Ал импорттық көліктердің бағасы әлі реттеледі.


Премьер министрдің бірінші орынбасарының тайтуынша, 71 мың қазақстандық  бастапқы жарнасыз, 4 пайыздық жылдық мөлшерлемемен жаңа көлік сатып ала алады. "Жасыл даму" акционерлік қоғамының есепшотындағы 200 млрд теңгенің 100 млр-ды жеңілдетілген автонесиеге берілетінін айтты.

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Шарты мынадай: жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз және бастапқы жарна 0 пайыз. Бастапқы жарнасы 20 пайыз, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға берілетін қазіргі қолданыстағы бағдарламадан айырмашылығы осында. Сегменті қымбат емес көліктер екені түсінікті.


Роман Скляр елдегі автосалондарда көліктің жетіспеушілігін растады. Ол мұның салдары электронды чиптердің тапшылығынан туындағанын айтады. Дегенмен,  келер жылдан бастап отандық және шетелдік темір тұлпарлар жеткілікті болатына сенімді.

Д. Жарқынбек