Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

СҚО аудандық аурухананың бас дәрігері ана өлімін жасырып қалған

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
1083
СҚО аудандық аурухананың бас дәрігері ана өлімін жасырып қалған

Солтүстік Қазақстанда аудандық аурухананың бас дәрігері  ана өлімін жасырған.  Бұл жайында денсаулық сақтау басқармасы  хабарлады. 4 баланың анасы  бесінші сәбиіне жүкті болған. Өткен жылдың шілде айында ол  Тайынша аудандық  ауруханасына жүгінген.  Тексеру нәтижесінде онан коронавирус анықталып,  Петропавлдағы облыстық ауруханаға ауыстырылған. Дәрігерлер баланы аман алып қалғанымен, анасының өміріне араша түсе алмады. Араға үш апта салып   Әйгерім Қазезова пневмониядан қайтыс болды. Алайда, дәрігерлер оның өлімін ресми түрде тек бір айдан кейін  тіркеген. Құжат былығына жауапты тұлға Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский айғай-шудан кейін зейнетке шығып кеткен.  Ал облыстық аурухананың басшысы  қызметін әлі жалғастырып  жатқан көрінеді.

Нұрлан АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Ана босанған соң бірнеше күннен кейін қайтыс болса, министрлік арнайы тексеріс тағайындайды. Дәрігерлер   барлығынан жасырып, жауапкершіліктен жалтарған болса керек. Біз бұл оқиға жайында әлеуметтік желіден білдік. Дәрігерлер бұл хабарды басқармаға жеткізген жоқ. Тайынша ауданының бас дәрігері зейнетке шығу туралы арыз жазды. Мен ол арызды қабылдадым. Ал облыстық аурухананың бас дәрігеріне қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл мәселе облыстық әкімдіктің деңгейінде шешілуі тиіс.


Марқұмның жолдасы мәселенің бас дәрігердің кетуімен шешілуіне  қанағаттанбайтынын айтады. Кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Сағадат ҚАЗЕЗОВ, МАРҚҰМНЫҢ ЖОЛДАСЫ:


Бүгін мен РОВД-ға барып, менен показания алды следовательдер. Вообще кінә областной больницада ғой. Соттату керек оларды!

А. Құрманкин