Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралда есірткі тасушы қыз ұсталды

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
977
Оралда есірткі тасушы қыз ұсталды

Күдікті өзіне берілген түйіншектерді белгіленген жерге жасырумен айналысқан. Ол қалтарыс-қуыстарға пакетке түйілген есірткіні қарға көміп, белгілеп отырыпты. Есірткі тасушы қыздан мұқият оралған 46 түйіншек табылды, салмағы 30 грамнан асады. Жүргізілген сараптама нәтижесінде оның синтетикалық «мефедрон» есірткісі екені  анықталды. Полицейлер енді оны облыс аумағына кім жеткізгенін тексеріп жатыр.
 
Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Бүгінде осы факті ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5-тен 10 жылға жаза кесілуі мүмкін. Бұл бапта айыпталушының дүние-мүлкін тәркілеу де қарастырылған.


Е. Карин