$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысында 13 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген мектеп апатты жағдайда

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
1449
Түркістан облысында 13 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген мектеп апатты жағдайда

Түркістан облысында 13 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген  мектеп апатты жағдайда. Сайрам ауданына қарасты  Шоқан Уәлиханов атындағы білім ошағына бүгін  Мәжілісінің депутаттары барды. 300 орындық мектептің төменгі қабатындағы кейбір  сынып бөлмелерінің  қабырғасы қақырап, едендері төмен түскен.  Ал  2-ші қабаттағы кабинеттердің шатырынан су аққан.  Ғимаратта жылыту жүйесі де  дұрыс жүргізілмеген.  Директордың айтуынша, білім ошағын күрделі жөндеуге қажетті 675 млн теңге   бюджеттен бөлінбей келеді. Депутаттар құрылысты сапасыз жүргізгендерді де жауапсыз қалдырмау жағын көтерді.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұндай істі меніңше жәй қалдыруға болмайды. +Бұл жерде соған қол қойған құжаттарының барлығына және сол азаматтардың барлығының жауапкершілігі тек қана тиісті сол әкімшілік төңірегінде ғана емес, бүкіл елге жария етілуі керек қой деп ойлаймыз. Өйткені сонда ғана адамдардың бойында жауапкершілік пайда болады.  

Депутаттар бүгін сондай-ақ, осы аудандағы құрылысы басталмай тұрған көпқабатты үйлердің жобалау құжаттарымен  танысты. Қарасу ауылында бес баспана салуға  конкурс жарияланып, мердігер анықталған.  Алайда, қажетті 2,6 млрд теңге бөлінбеген. Ауданның құрылыс саласына жауапты өкілі құрылыс аяқталса,  кезекте тұрған 300 отбасы баспанамен қамтылады дейді.  Сайрам ауданында үш мың отбасы баспана кезегін күтіп жүр.

А. Төребекқызы