Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"ЕЭО-дағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс формалды сипатқа ие", - Ә. Смайылов

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
2040
"ЕЭО-дағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс формалды сипатқа ие", - Ә. Смайылов

Кей жағдайларда Еуразиялық экономикалық одақтағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс формалды сипатқа ие. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты. Жиында Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан Премьер-министрлері одақ елдеріндегі сауданы және интеграцияны   жақсарту жайын    талқылады.  Смайыловтың айтуынша, ол үшін   барлық кедергілерді мүмкіндігінше тезірек алып тастау қажет. Тауарлардың серіктестер нарығына қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, Смайылов экспортты ынталандыру қажеттігіне де тоқталды.  Ол үшін тауарлардың транзитін және елдердің теңіз порттарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет деді.   Сонымен қатар, Қытаймен сауда саласында заңсыз импортты жою керек.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
 
Бірінші кезекте Қытай Халықаралық Республикасымен саудада сыртқы сауданы толыққанды және сапалы кедендік ресімдеуге бірлескен күш-жігер жұмсау қажет деп санаймыз, барлық процестерді шұғыл цифрландыруды және деректермен алмасу талап етіледі. Бұл адал бәсекелестікті дамытуға және салықтар мен кедендік баждар есебінен бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға түрткі болады.


Еуразиялық үкіметаралық одақ теміржол тасымалы бойынша "Еуразиялық агроэкспресс" бірлескен жобасын іске асыруды мақұлдады. Жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу және экспорттау көлемін арттыруға бағытталған. Отырыстың басқа қатысушылары, атап айтқанда, Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустин өткен жылы Одақ мүшелері арасындағы тауар айналымы үштен бірге артқанын еске салды. Бұл пандемияға дейінгі деңгейден асады. Сонымен қатар, тараптар цифрландыруды қолдады, бұл қазіргі жағдайда сауданы айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін.

Д. Жарқынбек