Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

“Соққыдан басымыздағы каскамыз ұшты”,- полицей

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
1772
“Соққыдан басымыздағы каскамыз ұшты”,- полицей

"Соққыдан басымыздан каскамыз ұшты".  Алматылық полиция инспекторы Руфан Рагимов қаңтардағы оқиғаны осылай еске алады. ның айтуынша, топтасқандар тәртіп сақшыларын таяқтың  астына алған. Аямай ұрып-соғып, күш көрсеткен. Тіпті қатты соққыдан полиция қызметкерлерінің арасында талып қалғандар да болды дейді.

Руфан РАГИМОВ, АЛМАТЫ қ. ПД ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Шамамен 500-800-дей адам болды. Олар өте көп еді. Біз оларды дүрбелең болмасын деп, таратып жіберуге тырыстық. Адамдар бізге күш көрсетіп, шабуыл жасайды деп ойламадық. Ешкім сөзге тоқтамады. Бүлікшілердің қолында тас, арматура, темірлер болды. Олар тас лақтырғанда басымыздағы каскаға дейін ұшты.

Ә. Дүкембаева