Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бүлікшілер Ұлттық кітапхана ғимаратын бүлдірді

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
3034
Бүлікшілер Ұлттық кітапхана ғимаратын бүлдірді

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілер Алматыдағы Ұлттық кітапхана ғимаратын да бүлдірді. Кіре беріс есікті сындырып, алдындағы банкоматтарды тонаған. Бірақ қарақшылар қымбат қазына саналатын кітапқа   тиіспепті. Қасиетінен қорықты ма, әлде бағалы санамады. Ол жағы беймәлім. Ұлттық кітапханада 7 миллионға жуық кітап бар.  Он екінші ғасырда жазылған құраннан бастап, 123 тілде жарық көрген оқулықтар сақтаулы. Қазақ ақын, жазушылардың ең алғашқы кітаптары да осында. 40 мыңға жуық қол жазба, ғылыми еңбек  бар. Осындай құнды дүниенің бір күнде күлі көкке ұша жаздады.

Ханшайым МҰСАҚЫЗЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚОРДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Осы Абайдың бойындағының барлығын өртеп жатты ғой. Бізде ойладық кітапханаға кіріп, қорын өртеп жіберсе не болады деген қатты қорқыныш болды. Қайта құдай сақтап, мақсатпен кірді, сол мақсатын орындады да шығып кетті.

Т. Әлжанов