Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Солтүстік Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 50 адам колледжге оқуға түсті

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
1238
Солтүстік Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 50 адам колледжге оқуға түсті

Солтүстік Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 50 адам оқуға түсті. Олар колледжде оқиды.  Қазір облыс бойынша 160 сотталушы кәсіби білім алуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда олардың саны 20 пайызға артқан. Дәнекерлеуші, ұстаз, тігінші, тас қалаушы және тағы басқа мамандықты меңгеріп жатқандар болашақта колонияның өзінде жұмысқа орналаспақ.

Александр КОЧКИН, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Сотталғандар мектеп және колледжде білім алуға құқылы. Оларға арнайы кластар қарастырылады. Сабақ барысын күзетшілер бақылап отырады. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Оның тең жартысы түзету мекемелерінде жұмыспен қамтылған.


А. Құрманкин