Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
3230
А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері әлем тілдеріне аударылады. Бұл туралы "Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі" атты ғылыми конференцияда мәлім болды. Ауқымды шара ЮНЕСКО-ның көлемінде ақынның 150 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар алдымен, Алаш қайраткерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, шетелдік ғалымдар бірігіп қазақ ғұламасының таңдаулы туындыларын түрік, орыс және француз тілдеріне аударуға уағдаласты.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Бұл мерекені ЮНЕСКО деңгейінде атап өтеміз. Тәуелсіздік үлтымыздың тарихымызға қайтадан жол ашады. Бұл ретте ұстаздың еңбегін зерделеп, оның мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру баршамызға ортақ міндет.


Д. Жарқынбек