Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Атырауда облыстық маңызы бар жолды су басып қалды

AstanaTV
28.02.2022ж. 20:00
567
Атырауда облыстық маңызы бар жолды су басып қалды

Атырауда еріген қар суы облыстық маңызға ие автокөлік жолын басып қалды. "Сағыз-Миялы" тас жолымен өту жолаушыларға қауіп туғызуда.

Күн күрт жылынып, қалың түскен қар бірден еріп жатыр. Оның үстіне жаңбыр жауып, көлкіген су автожолдың ойлы аумағына жиналыпты.  Тіпті кейбір көлік бағдардан айырылып, жиналған суға түсіп кетті. Абырой болғанда адамдар аман. Автожолдың тазалығына жауапты  мекеме басшылығы суды сорғанмен, үлгермей жатырмыз,- дейді. Тас жолдың пайдалануға берілгеніне 10 жыл болған. Суағар қажетті жерге салынбағандықтан, қар мол түскен жылдары осындай проблема қайталанып тұратынын айтады.

Хамидолла ӘБДІРАХМАНОВ, «ЖАҢА АРНА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ:

Біз сордық. Сорғанмен үлгермей тұр. Әр жағынан келіп жатыр. Әр жағы қабақ. Бұл ояңдау жер еді ғой. Салынды суағар тұрба бірақ точно қай жерден керек сол жерден салынбай, шашамен 300 метрдей жоғарыдан салынып кетіпті. Біздің қорқып отырғанымыз асфальттан айырылЫп қалмайық,- деп.


Сондай-ақ еріген қар суы Қызылқоға, Индер аудандары тұрғындарын да әбден әбігерге салды. Көше-көшеге лық толып, көл боп жатқан  суды тазалауға жергілікті мекемелер жұмылдырылған.

Б. Надірқызы