Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

БҚО-да тағы бір ауданның жолын су басып, қатынас қиындады

AstanaTV
28.02.2022ж. 20:00
884
БҚО-да тағы бір ауданның жолын су басып, қатынас қиындады

Батыс Қазақстан облысында да тұтас бір аудан тұрғындары үшін қатынас қиындады. Жолды топан су алып қалған. Бұл жолы Жәнібек ауданының халқы көлігімен суға батты.

Көлігі ми батпаққа батып, діңкесі құрыған жолаушылар жолдың қазіргі жағдайын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Қылар қайраны қалмаған аудан басшылығы да ауа райы түзелгенше тұрғындардан жолға шықпауын сұрап отыр. Жолда қалған көліктерді шығарып алуға келген ауыр техниканың өзі батпақтың ортасында қалды. Қазір бұл бағыттағы жол жабық. Айта кетелік, «Казталов – Жәнібек – Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тас жолдың құрылысы басталғанына үш жылдан асса да, әлі аяқталар емес.
 
Нұрлыбек РАХМАН, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолдың нашарлығы сол аудандардың экономикасына да тікелей әсер етеді, яғни, түгел сол өңірдегі 30 мың халық жолдың зардабын тартып отыр. Ақтөбе облысында 1 шақырым жолды жөндеуге 30-40 миллион бөлінсе, біздің Батыс Қазақстан облысында 65-90 миллион теңге жұмсалады екен.

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының орталығы мен Бөкей ордасы ауданын жалғайтын жалғыз жолды еріген қар суы шайып кеткенін хабарлаған едік. Облыс орталығынан 500 шақырым жердегі оңтүстік аудандарда күн жылынып, жаңбыр жауса, Орал қаласында көктайғақ орнады. Көктайғақтың кесірінен республикалық және облыстық деңгейдегі 8 тас жол жабылған. Бір күннің ішінде оқыстан мұзға тайып құлап, денесін ауыртып алған 50-ге тарта оралдық дәрігер көмегіне жүгініпті.

Е. Карин