$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Партиямен бірге халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаруы керек», - депутат

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
1219
«Партиямен бірге халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаруы керек», - депутат

Депутаттар енді жоспарлы жиындарға қатысып, тек жетістіктерді сөз етпейді. Халықтың нақты мәселесіне үңіліп, сайлаушылардың сауалын жоғары мінберде шешу керек. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезінде Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. Халық мәселесін әлеуметтік желіде көтермеуі керек. Депутаттар мұңын тыңдап, шешу жолын қарастыруы тиіс. Президент депутаттарға тек депуттаттық сауалмен шектелмеу қажеттігін баса айтты. Қажет болса мәжіліс отырыстарында талқылаңыздар деді. Партия төрағасы қоғамдық қабылдауға көңілі толмайтынын ашық жеткізді. Мәжілісмендер де партиямен бірге халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаруы керек екенін жақсы түсінеді. Сондықтан білек сыбана іске кірісіп, белсенділікті арттыруға күш салмақ.  

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Белсенді - мен ойлаймын, нағыз депутаттар болуы керек бірінші кезекте. Көшеде айтылатын әңгіме емес, қабырғаның ішіне кіріп, сондай талқы болу керек деп ойлаймын. Сол талқыда мына халықтың жалпы сайлаушылардың айтатын уәжі де болмаса аманаты да жетіп жату керек билікке.

Жанарбек ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жырақта жатқан аудан, ауыл деңгейіндегі мәдениет саласында, әлеумет, экономика, рухани, ауылшаруашылық осы бағыттағы бірінші кезекте кезек күтірмейтін мәлелерді тұжырымдалды. Бұл бірінші кезекте күн тәртібіндегі мәселелерге қол қойылды деп есептеймін. Өйткен себебі жаңарған, жасарған Қазақстан дейтін болсақ тек қана партияның тұжырымдамасы ғана емес, халықтың әлеуметтік салтыда жаңару керек.

Жақында Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап келді. Президент барлығын бақылауда ұстағанын айтты. Олардың жұмысында жаңа стиль, жаңа мазмұн пайда бола бастады деп бағалады. Енді бұл тәсілді жан-жақты нығайтып, дамытуды тапсырды.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа форматта далада, базарда сонымен қатар әртүрлі орталықтарда өткен болатын. Азаматтардың шынайы жан айқайын естідік. Әрине, кедейшіліктің қамытын қымтаған жағдай жеткілікті. Депутаттың халық үніне құлақ асатындай жағдай жасау керектігін өз көзімізбен көріп келді. Енді бірге іске асырамыз.

Т. Әлжанов