Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Партияның «AMANAT» деп өзгеруіне қатысты Атқарушы хатшы пікір білдірді

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
1357
Партияның «AMANAT» деп өзгеруіне қатысты Атқарушы хатшы пікір білдірді

Жаңарған партиямыз атына заты сай болады деп сенемін. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасына «AMANAT» деп аталуына қатысты жазба қалдырды. Жаңа атауға кеңінен тоқталып, жеті тармақ арқылы түсінік берген. Партияның мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алғанын баса айтты. Бұл ата-бабамыздың бізге қалдырған аманатымен тікелей байланысты, дейді. Оны халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпаққа жеткізу – бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік екендігіне тоқталған. Сонымен бірге, сайлаушылар аманатын орындау, халық үніне құлақ асуға да басымдық берілген. Бұдан бөлек, Үкімет пен жергілікті атқарушы билікті қадағалайтын партия ретінде мемлекетті дамытуға, оны озық елдердің қатарына қосуға, халық тұрмысын жақсартуға күш саламыз, деді. Жазбада партия Президенттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыру үшін оған жан-жақты қолдау көрсетеді делінген.

Асхат ОРАЛОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

«AMANAT» – мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтін партия. Халық ұғымында «аманатқа қиянат жасалмайды», яғни аманатты сақтаушы партия мүшелері – ең әуелі мемлекет мүддесіне адал азаматтар. «AMANAT» – қоғамдағы әлеуметтік әділдікті жақтайтын, барша азаматтарға тең мүмкіндік беруді қолдайтын партия. Тәуелсіз Қазақстанды өркендететін келер ұрпақ болғанда, зиялы, көзі ашық, тәрбиесі көркем ұрпақты тәрбиелеу – ата-ананың, қоғамның және мемлекеттің мойнындағы аманат.


А. Данияр