$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордалық отбасы дәрігерлерге ерекше алғыс айтады

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
1730
Елордалық отбасы дәрігерлерге ерекше алғыс айтады

Ал елордалық Жарқынбековтер отбасы  ақ халаттыларға шексіз ризашылықтарын білдіреді. Өйткені көпбалалы отбасының ең кішісі - Ханшайым ауыр дертке шалдыққан. "Небәрі 3 жастағы бүлдіршініміздің өмірі үшін дәрігерлер екі жылдан бері күресіп келеді",-дейді Ерлан Жарқынбеков.   Күн-түн демей тиісті ем жасап, әрдайым қолдау көрсетіп отыратын абзал жандарға олардың айтар алғысы зор.

Ханшайым  6 айлығында белгісіз ауруға  шалдыққан.  Ата-анасының осы уақытқа дейін  бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Бірақ тәп-тәтті бүлдіршіннің бойындағы дертке  шипа табылар емес.    

Қымбат ЖАРҚЫНБЕКОВА, ХАНШАЙЫМНЫҢ АНАСЫ:

Бала бәрін ұмытып қалды. Жаңағы еңбектегінен, ойыншыққа мүлде қызықпайды қазір. Папа деп айтпайды, мама деп айтпайды. Тек жатады. Қолымен осылай алысады. Тек осылай ғана.

Ханшайымға мамандар  әлемде сирек кездесетін синдром РЕТТА диагнозын  қойған. Бірақ бұл әлі нақты емес. Қазір тағы сараптамалар жасалып жатыр.  Дәрігерлер балаға барынша қолдау көрсетіп, түрлі жаттығулармен дамуын жетілдіруге тырысуда.
 
Әсел ШАЙМЕРДЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №1 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әрине, диагноздан бас тарта алмаймыз. Міндетті түрде жаттығу керек. Осы тұста баланың болашақ өмірінің неврологиялық дамуын барынша арттыруына медициналық оңалту маңызды рөл ойнайды.

Ханшайымның ата-анасы бұл қиын сәттердің өтетіне сенеді. Бауыр ет баласының дертіне шипа табылады деп үміттенеді. Осы орайда оларға әрдайым қолдау білдіріп жүрген жандарға ризашылықтарын білдіреді.  

Ерлан ЖАРҚЫНБЕКОВ, ХАНШАЙЫМНЫҢ ӘКЕСІ:

Арнайы алғысымды осы медицина мамандарына жеткізгім келеді. Соның ішінде бірінші балалар ауруханасы Шаймерденов Асел Хабдукамалқызына алғысымды білдіремін. Және өзіміздің отбасымызға көмегін тигізіп жатқан мәслихат депутаты Айтхожин Азамат Серікұлына алғысымызды айтамыз.Және осы Сәния Хамитқызына алғысымызды айтамыз.


Ерланның  Ханшайымым ауруынан құлан-таза айығып, құлдырыңдап жүгірсе, былдырлаған тілімен жақындарын қуантса деген тілегі бар.  "Адам өмірінің ерекше қуанышы-балалар ешқашан ауырмасын" дейді.

Б. Сатуов